«Қайрат-Мәскеу» Ресей кубогының элиталық кезеңінде ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңнің бірінші турында қайраттықтар өз алаңында волгоградтық «Роторды» қабылдады. Кездесу қонақтар пайдасына 0:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Ротор» сапында Қазақстан құрамасының форварды Алексей Щеткин өнер көрсетеді.