«Ордабасы» жанкүйерлеріне үндеу жасап, «Қызыл-Жарға» қарсы матч көрерменсіз өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Матч 26 тамызда 18:00-де Шымкентте «Биік» спорт орталығының «Намыс» стадионында болады. Құзырлы органдардың шешімі бойынша, карантин кезеңінде санитариялық норма нұсқаулығына сәйкес кездесу жанкүйерлерсіз өтеді», — деді клуб баспасөз қызметіндегілер.