«Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Султанбек Астанов Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін Астанов құраманың қосалқы тізімінде болған. ⠀

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді: 1 қыркүйекте өз алаңында Украинамен, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен кездеседі, ал 7 қыркүйекте Босния және Герцеговинаға қонаққа барады.