«Ақжайық» футбол клубы Мозамбик құрамасының шабуылшысы Артур Реджиналдо Файтемен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оралдық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ресми: Реджиналдо «Ақжайық» клубымен еңбек келісімшартына қол қойды», - деп жазды инстаграм желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, 31 жастағы ойыншы бұған дейін «Шахтер» және «Қайсар» командаларында өнер көрсеткен.