Бадминтоннан Бенинде өткен халықаралық турнирде қазақстандық Дмитрий Панарин жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстандық спортшы финалға дейін сүрінбей, ақтық сында үндістандық Аман Санжайдан ұтылды.

Осылайша, Панарин турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.