Паралимпиадалық команда Токио -2020 Паралимпиада ойындарына тағы бір лицензияға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лицензия халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2019 жылғы Азия мен Мұхит чемпионатының жеңімпазы - Ерлан Өтеповке (100 келі) берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан алты, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш және жеңіл атлетикадан екі лицензияны жеңіп алған.

Тағы бір айта кетерлігі, қазақстандықтар алғаш рет каноэ мен ату сияқты спорт түрлерінен лицензия алды.