«Барыс» шабуылшысы Егор Петухов Беларусь құрамасына қарсы команданың екінші жолдастық ойынына қатыспайды.

«Бірінші ойында жарақат алған Егор Петухов бүгінгі матчта командаға көмектесе алмайды. Шабуылшының тез сауығып, қатарға оралуын тілейміз!», - делінген «Барыстың» хабарламасында.

Беларусь құрамасымен «Барыстың» екінші ойыны Минскіде өтеді және 18:00 -де басталады. Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер 1: 2 есебімен жеңілді.