21 тамызда «Барыс» хоккей клубы Минскіде Беларусь құрамасымен екінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клуб Беларусь құрамасымен екі жолдастық матч өткізуді жоспарлаған. 19 тамыз өткен алғашқы ойында Беларусь хоккейшілері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қос команда арасындағы екінші матчтың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.