Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Дильназ Мулкинова жасөспірімдер арасындағы Уфа қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үшінші орын үшін күресте Одбаг Улзиябатты (Моңғолия) мерзімінен бұрын жеңді.