Әлемнің 38-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда АҚШ спортшысы Маркос Гиронды жеңді.

2 сағат 8 минутқа созылған кездесу 3:6, 6:3, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Бублик келесі кезеңде болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.