Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Веронада (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында Дмитрий бразилиялық Орландо Лужды жеңді.

1 сағат 10 минут созылған кездесу 3:6, 1:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, келесі айналымда отандасымыз италиялық Джулио Зеппиеримен кездеседі.