Желіде Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теннис ойнап жатқан кездегі архивтік суреті жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сурет Назарбаевтың Іnstagram желісіндегі парақшасында жария болды. Ол Спорт күніне орай жарияланған.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді», - деп жазылған Елбасының парақшасында.