Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Прагадағы АТР тунирінің финалына шықты.

Ол екі сет қорытындысы бойынша аргентиналық Факундо Менаны ұтты.

Есеп – 6:1, 6:2.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа жалғасқан.

«Бүгін менің соққыларым жақсы шықты. Одан бөлек, аяғым да жақсы қимылдады. Осының бәрі үздік нәтиже шығару үшін көмектесті», - дейді Попко.