«Барселона» Ла Лиганың жаңа маусымына Мемфис Депай, Эрик Гарсия мен Рэй Манайды тіркеді. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

Футболшыларды тіркеуге қорғаушы Жерар Пике жалақыны айтарлықтай қысқартуға келіскеннен кейін мүмкін болғанын атап өтті.

«Барселона» осы мәселеде қорғаушы Жорди Альба мен жартылай қорғаушы Серхио Бускетспен келіссөз жүргізуде. Ойыншылар клубпен ынтымақтасуға дайын, бірақ олармен әзірге келісім жоқ.