«Романың» босниялық шабуылшысы Эдин Джеко «Интер» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Тараптар екі жылдық келісімге қол қойғаны атап өтілді. Бұған дейін инсайдер Фабрицио Романо шабуылшы «нерадзурри» сапына тегін қосылатынын мәлімдеді.

«Интер» маусым соңында Чемпиондар лигасына жолдама алса, «Рома» клубына 1,5 миллион еуро төлейді. Бүгін, 14 тамызда Джеко өзінің жаңа командасының жейдесінде Киевтің Динамосымен (3:0) жолдастық кездесу өткізді. Джеко 34-минутта гол соғып, екінші тайм басталмай жатып ауыстырылды.