Орта салмақта АСВ мен One Championship экс-чмепионы қазақстандық Игорь Свирид (15-9) Bushido Qazaqstan турнирінде өнер көрсетеді.

Ол кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы сәуірде АСА турнирі аясында өткізіп, Черси Дудаевтан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Bushido Qazaqstan турнирінде қазақстандық Oktagon лигасының экс-чемпионы Бауыржан Қуанышбаев та жекпе-жек өткізеді.

Турнир 9 қыркүйекте Алматыда өтеді.