Қазақстандық файтер Мария Агапова ММА бойынша әлемдегі жетекші промоушен - UFC-дегі үшінші жекпе-жекке дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы жаттығу процесін Флоридадағы ММА Мasters залында Роджер Кралдың жетекшілігімен жүргізіп жатыр.

«Біз Роджермен бірінші рет Лас -Вегаста Ханна Сайферспен жекпе-жегіме дейін таныстық. Ол керемет жаттықтырушы. 9 қазандағы шайқасқа дайындалуға көмектесуге келісті. Рахмет Роджер! Мен сізбен жұмыс жасағаныма қуаныштымын», - деп жазды Мария Инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда Мария Агапова Лас-Вегаста колумбиялық Сабина Мазомен жұдырықтасады.