Фабиу Верисиму бастаған Португалия төрешілер тобы Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Фола» (Аш, Люксембург) - «Қайрат» матчында қызмет көрсетеді.

Төреші: Фабиу Верисиму;

Төрешінің көмекшілері: Педро Альмейда, Педро Мартинс;

Төртінші төреші: Антонио Нобре (барлығы - Португалия).

Еске салайық, «Фола» - «Қайрат» матчы 19 тамызда Ешеде «Эмиль Майриш» стадионында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.