Конференция лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы «Шахтер» — «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) матчына сербиялық төрешілер қазылық етеді, деп жазады Prosports.kz.

Бас төреші: Срджан Йованович, оған қос қапталдан отандастары Урош Стойкович пен Милан Михайлович көмектеседі. Ал төртінші төреші Новак Симович.

Айта кетейік, матч и» 19 тамызда Нұр-Сұлтандағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойын 19:00-де басталады.