Қазақстандық теннисші Александр Бублик Торонтода (Канада) өтіп жатқан Masters сериялы турнирінің үшінші кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бубликтің қарсыласы ресейлік теннисші Даниил Медведев болды. Есеп 6:4, 3:6, 6:4.

Кездесу 2 сағатқа созылды.

Осы маусымда Бублик пен Медведев үшінші рет кездеседі. Үш кездесуде де ресейлік теннисші жеңіске жетті.