Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреалда (Канада) 15 тамызға дейін созылатын WTA-1000 турнирінің бірінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміздің 1/32 финалда қарсыласы ресейлік теннисші Людмила Самсоновамен кездесіп, 4:6, 7:5, 4:6 есебімен ұтылды. Кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды.

Монреалдағы турнирдің жүлде қоры 1,8 миллион доллардан асады.