Жеңіл салмақтағы бразилиялық аралас жекпе-жек шеберлері Жозе Альдо мен Педро Муньос Хьюстонда (Техас, АҚШ) өтіп жатқан UFC 265 турнирінде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Муньос тәжірбиелі қарсыласына қарсы үш раунд төтеп берсе де, Альдоның соққылардағы басымдығы екі есе дерлік болды - 113:64. Төрешілер жеңісті бірауыздан Альдоға берді - 30:27, 30:27, 30:27.

Жозе Альдо мансабындағы 30-шы кәсіби жеңісіне қол жеткізді. 7 рет жеңілген (UFC-дегі рекорды 12-6).