Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев (9-1) бүгін Хьюстонда (Техас, АҚШ) өтіп жатқан UFC 265 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Физиев ММА ардагері Бобби Гринмен (27-11-1) жекпе-жекке шықты. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қырғыс спортшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Физиевке берді.

Осылайша, қырғызстандық аралас жекпе -жектен 10-шы жеңісіне (UFC -де қатарынан 4-ші), ал Грин 12-ші жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Рафаэль Физиев 1993 жылы 5 наурызда Қазақстанда туған. Кейін оның отбасы Қырғызстанға көшіп кеткен.