Қырғызстандық файтер UFC-дағы кезекті жеңісіне қол жеткізді
![Қырғызстандық файтер UFC-дағы кезекті жеңісіне қол жеткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202108/201736_6360dc6e0403c331089f8b78384ee1d3.jpg?v=28641633)
Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев (9-1) бүгін Хьюстонда (Техас, АҚШ) өтіп жатқан UFC 265 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Физиев ММА ардагері Бобби Гринмен (27-11-1) жекпе-жекке шықты. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қырғыс спортшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Физиевке берді.
Осылайша, қырғызстандық аралас жекпе -жектен 10-шы жеңісіне (UFC -де қатарынан 4-ші), ал Грин 12-ші жеңіліске ұшырады.
Еске салайық, Рафаэль Физиев 1993 жылы 5 наурызда Қазақстанда туған. Кейін оның отбасы Қырғызстанға көшіп кеткен.