Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Prosports.kz.

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы жартылай финалда мысырлық Ферьял Абделазизбен күш сынасты. Берульцева бұл жекпе-жекте 4:5 есебімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші қола медаль түсті. Оның екеуі - каратэден. Бұған дейін каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген болатын.

Фото: Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz