Қазақстандық спортшы Данияр Юлдашев Токио Олимпиадасының каратэ жарысында екінші қарсыласынан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіден жоғары салмақта Юлдашев жапониялық Рютаро Арагадан жеңілді. Қазақстандық каратэші тек бір мәрте «ваза-ари» ұпайын алды.

Жекпе-жек 4:2 есебімен аяқталды.

Юлдашев үшінші жекпе-жегін түркиялық Угур Акташқа қарсы өткізеді.

Фото: Тұрар Қазанғапов, olympic.kz