Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Олимпиада ойындарындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз италиялық Сильвия Семерароны жеңді. Есеп - 5:1.

Топтық кезеңнің келесі кездесуінде Софья Берульцева әзербайжандық Ирина Зарецкаямен кездеседі.