«Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Михаэль Баллактың ұлы Эмилио 18 жасында қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Челси» телеграм-каналына сілтеме жасап.

Ол бүгін таңда квадроцикл айдап келе жатып апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға Португалияда Баллактың үйінің маңында болған.