«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Тони Кроос жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, 31 жастағы ойыншы 6-8 аптаға дейін алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, германиялық футболшы өткен маусымда Ла Лигада 28 матчқа қатысып, үш гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.