Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан жерлесіміз жыртылай финалда АҚШ боксшысы Ричард Торрестен жеңілді.

Команда капитаны Қамшыбек үшінші раундта жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыруға төрешілер рұқсат бермеді. Кездесу тоқтатылғанға дейін есепте артта тұрған Қоңқабаев жеңіліске ұшырады. Екінші раундта отандасымыз нокадаунға түсіп қалды.

Осылайша, Қамшыбек Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz