52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалында кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы боксшымыз жартылай финалда Галаль Яфаймен кездеседі. Ол ширек финалда кубалық Йосвани Вейтияны ұтты - 4:1. Сәкен өз кезегінде испандық Габриэль Эскобар Маскунаноны 3:2 есебімен жеңді. Бибосынов пен Яфай арасындағы жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамызда өтеді.

Галаль Яфай - Достастық ойындарының чемпионы (2018), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2017) және Еуропа ойындарының қола жүлдегері (2019).

Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.