Ямайкалық спортшы Элейн Томпсон Токиодағы Олимпиада ойындарында 100 метрге жүгіруде алтын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының нәтижесі 10,61. Бұл – Олимпиаданың жаңа рекорды. Ямайкалық тағы екі спортшы –Шелли-Энн Фрейзер-Прайс пен Шерика Джексон да жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша Томпсон үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды.