Бүгін, 30 шілдеде отандасымыз Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден бақ сынайды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Сондай -ақ, бағдарламаның бұл түрінде тағы екі қазақстандық – Ирина Эктова мен Мария Овчинникова өнер көрсетеді

Бұл ойындарды Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 16: 05-те. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Еске сала кетейік, бүгін Владислав Яковлев Олимпиададағы ескек есуден жарысты аяқтады, ол жұбаныш финалында бірінші орын алды.