Қазақстандық гимнаст Милад Карими 2020 жылы Токиода Олимпиада финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалпы көпсайыста Карими 82,565 ұпай жинап, 16-шы орыннан көрінді. Бұл оған көпсайыста финалда өнер көрсету мүмкіндігін береді.

Еске сала кетейік, квалификацияда алғашқы 24 орынды иеленген спортшылар көпсайыс финалына өтеді (бір елден екі гимнаст қатысуға рұқсат етілмейді).