«ПСЖ» жақын арада «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Пол Погбаны қатарына қосуы мүмкін.

Француздар жақын арада ағылшын клубына ресми ұсыныс жібереді, деп жазды журналист Николо Скира Twitter-дегі парақшасында.

«Манчестер Юнайтед» пен француз футболшысының арасындағы келісімшарт келесі жылы жазда аяқталады. «Қызыл сойқандар» 28 жастағы жартылай қорғаушыны 50 миллион еуроға сатуға қарсы емес.