UFC-дегі қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов AIGA ережелері бойынша грэпплингке қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 15 тамызда Алматыда өтетін Arlan Grip Pro 10 турниріне қатысады. Алдағы жекпе-жекте әуесқой грэпплинг ережелері бойынша Жұмағұлов бұрынғы уақытша M-1 Global чемпионы Арман Ашимовпен кездеседі. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақта өтеді.

Айта кетейік, Жұмағұлов шілде айының басында америкалық Джером Ривераны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.