The Forbes беделді басылымы Ресейдегі ең табысты жұлдыздардың өзіндік рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

Рейтинг жасағанда басылым бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде адамның аты-жөнін, бір жылдақ табысын, іздеу жүйелеріндегі сұраныстарды және әлеуметтік желілердегі жазылушылар санын ескерген. Бірінші орынды UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов иеленді.

Үздік он спортшының қатарына «Вашингтон Капиталз» капитаны Александр Овечкин мен «Зениттің» шабуылшысы Артём Дзюба кірді.

Forbes нұсқасы бойынша ең табысты ресейлік 10 жұлдыз:

1. Хабиб Нурмагомедов (табысы - 12 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 103 мың рет айтылып, әлеуметтік желілерде - 852 мың рет ізделген, жазылушылар саны - 29,1 миллион);2. Моргенштерн (табысы - 7,4 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 47 мың, әлеуметтік желілерде - 4 миллион, жазылушылар саны - 17,7 миллион);3. Ольга Бузова (табысы - 3,3 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 88 мың, әлеуметтік желілерде - 3,4 миллион, жазылушылар саны - 20,3 миллион);4. Тимати (табысы - 10,4 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 40 мың, әлеуметтік желілерде - 1,3 миллион, жазылушылар саны - 20,3 миллион);5. Сергей Шнуров (табысы - 11 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 17 мың, әлеуметтік желілерде - 254 мың, жазылушылар саны - 8,1 миллион);6. Александр Овечкин (табысы - 12,2 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 51 мың, әлеуметтік желілерде - 364 мың, жазылушылар саны - 1,6 миллион);7. Ксения Собчак (табысы - 4,7 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 90 мың, әлеуметтік желілерде - 1,7 миллион, жазылушылар саны - 10,5 миллион);8. Баста (табысы - 5,3 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 91 мың, әлеуметтік желілерде - 1,2 миллион, жазылушылар саны - 8,3 миллион);9. Артём Дзюба (табысы - 5 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 94 мың, әлеуметтік желілерде - 1,4 миллион, жазылушылар саны - 1,3 миллион);10. Полина Гагарина (табысы - 6 миллион доллар, бұқаралық ақпарат құралдарында - 32 мың, әлеуметтік желілерде - 603 мың, жазылушылар саны - 8,9 миллион).