Токио Олимпиадасының алтыншы сайыс күнінде қазақстандықтар бес спорт түрінде бақ сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу салтанатында ел туын ұстап шыққан Қамшыбек Қоңқабаев пен Әбілхан Аманқұл жарыс жолына шығады. Ал теннисші Елена Рыбакина жартылай финалдағы матчын өткізеді. Рыбакина мен Олимпиада алтынын екі матч бөліп тұр.

29 шілдедегі сайыстар кестесі:

Су добы. Ерлер, топтық кезең08:30. Қазақстан - Испания

Академиялық есу. Ерлер, жартылай финал08:50. Владислав Яковлев

Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Жартылай финал12:00. Елена Рыбакина - Белинда Бенчич (Швейцария)

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/32 финал14:18. Ильфат Абдуллин - Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)

Бокс. Ерлер, 1/8 финал.14:15. 75 келіге дейін. Әбілхан Аманқұл - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)15:51. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Юсри Хафез (Мысыр)

*Нұр-Сұлтан уақытымен