Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (90 келіге дейін) Олимпиада ойындары аясында турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/16 кезеңінде әзірбайжандық Маммадали Мехдиев Бозбаевтың қарсыласы болды. Мехдиев қазақстандықты ваза-ари әдісімен жеңді. Келесі айналымда ол ресейлік Михаил Игольниковпен кездеседі.

Жарыс басында Ислам Бозбаев бразилиялық Рафаэль Македаны иппонмен ұтқан.