Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев 2020 жылғы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/32 финалда 90 келіге дейінгі салмақта Бозбаев бразилиялық Рафаэль Македаны иппонмен жеңді. Қазақстандық жекпе-жектің 31-ші секундында тиімді әрекет жасады.
Келесі айналымда Ислам Бозбаев Әзірбайжан өкілі Маммадали Мехдиевпен белдеседі.
Комментарии