Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Токиода Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жансай жарыста 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынасып жатыр. Бірінші кезеңде ол армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «вазари» әдісімен жеңді.

Енді Смағұлов екінші кезеңде канадалық Артур Маржелидонмен кездеседі.

Айта кетейік, Жансай Смағұлов 2016 жылы Рио Олимпиадасына да қатысып, екінші кезеңде жеңілген болатын. Ол кезде Жансай 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.