Токиода Олимпиада ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта дзюдошылардың жарыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде Әзірбайжан өкілі Орхан Сафаровты жеңіп, 1/8 финалға шықты. Серікжанов қосымша уақытта ваза-ари әдісін сәтті қолданды.

Ерлан Серікжанов ширек финалға шығу үшін италиялық Мануэль Ломбардомен күш сынасады.