Қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз испаниялық Энмануэль Рейес Пламен жұдырықтасты.

Бұл жұпта фаворит саналған отандасымыз күтпеген жерден екінші раундта техникалық нокаутқа түсті. Осылайша, жүлдеден басты үміткер спортшыларымыздың бірі жарыс жолынан ерте шығып қалды.