Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Олимпиада ойындарын ерте аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Токиодағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Деланте Джонсонмен кездесті.

Бұл кездесуде 4:1 АҚШ спортшысы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал Абылайхан жарыс жолынан шығып қалды.