Токио Олимпиадасында 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл алғашқы қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысты екінші кезеңнен бастайтын отандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы өзбек боксшысы Фанат Кахромонов болады. Өзбекстан өкілі турнирдің бірінші кезеңінде грузиялық Георгий Харабадзені сенімді түрде жеңді.

Боксшылар бұған дейін Амкулда өткен лицензия турнирінде кездесіп, Аманқұл жеңіске жетті.