Бокстан Олимпиадада алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов пуэрторикалық спортшыға қарсыға кездесу туралы пікірін білдірді.

- Бірінші кездесу болғандықтан әр уақытта қиын болады. Олимпиадада оңай қарсылас болмайды. Бұл Америка құрлығынан іріктеліп келген боксшы. Сол себептен мықты қарсылас.

Әдетте, бірінші раундта боксшылар бір-бір барлап, абай жұдырықтасады. Бірақ бүгін екеуі бас салып төбелесіп кетті. Екінші раундтап бастап тактиканы ұстанып, өз ойынын көрсетті. Қарсыласын алдап, қарымта шабуылдарға шығып, жеңіске жетті.

Келесі қарсыласы - әлем чемпионатының жүлдегері. Бұған дейін екеуі екі мәрте кездесіп, бір-бір реттен жеңіске жеткен. Сол себептен осы жерде барымызды да, нарымызды да салатын кез келді, дейді бапкер.