Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына шыққан таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз екінші айқасын өткізді.

67 келіден жоғары сал­мақта Жансель Дениз алғашқы айқасында өзбек спортшысы Светлана Осипованы жеңген.

Екінші айналымда британиялық Бианка Уолкденге қарсы жекпе-жек өткізіп, үш раундта да қарсыласына есе жіберді.