13 жасар жапон қызы Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен топ жарды.

Ол жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен ең жас спортшылардың тізімінде екінші орынға жайғасты. Рекорд 1936 жылы Берлин Олимпиадасында суға секіруден чемпион атанған америкалық Марджори Гестрингке тиесілі.

Жалпы ойындардың абсолют рекордын кореялық шорт-трекші Ким Юн Ми жасаған. Ол 13 жасында (83 күн) 1994 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.