Өткен Риодағы Олимпиада ойындарында алғаш рет жарыс жолына босқындар құрамасы шығып, бақ сынаған еді. Әр түрлі себептермен басқа елде бас сауғалауға мәжбүр болған 10 ғана спортшыны көбі елемеген де. Бірақ бұл жолы Токио төріне келген қашқын спортшылардың саны үш есе көп.

Босқындар құрамасында отанынан саяси, әлеуметтік не өзге себептермен қашуға мәжбүр болған спортшылар қосылған. Мысалы, Иран елінің дзюдошысы Джавад Маджуб нәсілдік қысымға ұшыраған. Ол 2012 жылы Олимпиада ойындарына жолдама алғанын. Алайда бірінші айналымда Израиль спортшысы Арика Зеевиге қарсы түскендіктен жарысқа бармады.

Бұрыннан келе жатқан екі ел арасындағы саяси және діни қақтығыстардың салдарынан Иран спортшыларына Израиль тұрғындарымен жарысуға тыйым салынған. Спорт министрі Мұхаммед Аббаси «сионистермен жарыспау — Иран халқы мен спортшыларының мақтан тұтатын себебі және құндылығының бірі». Осының салдарынан Джаваданы елінен шығармады. Бұл бір мәрте болған жағдай емес, бірнеше рет қайталанған соң спортшының шыдамы тауысылып, Канадаға қоныс аударды.