2020 жылғы Токио Олимпиадасының төртінші сайыс күні қазақстандықтар бірнеше спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 шілдеде ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының жалғыз өкілі Зульфия Чиншанло, дзюдошы Жансай Смағұлов жарыс жолына шығады. Теннисші Елена Рыбакина екінші кезең матчын өткізеді. Боксшы Сәкен Бибосынов жарыс жолына шығады.

26 шілдедегі сайыстар кестесі

Стенд ату6:00. Скит. Әйелдер. Екінші іріктеуЗоя Кравченко, Әсем Орынбай

Садақ ату6:30. 1/8 финал. Командалық турнир. Ерлер.Қазақстан - Үндістан

ТеннисЕкінші айналым8:00. Елена Рыбакина – Ребекка Петерсон (Швеция)

Дзюдо9:30. Ерлер. 73 келіге дейінЖансай Смағұлов – Фердинанд Карапетян (Армения)

Есу слаломы11:00. Жартылай финал. Ерлер. КаноэдеАлександр Куликов

Үстел теннисі11:30. Үшінші кезеңКирилл Герасименко - Тимо Болл (Германия)

БоксБірінші кезең. 52 кг15:03. Сәкен Бибосынов – Ривера Фигуеро Янкел (Пуэрто-Рико)

Ауыр атлетика16:50 Әйелдер. 55 келіге дейін.Зульфия Чиншанло